"Циклон мен атмосфералық фронттар Қазақстанның ауа райына ықпалын тигізуін жалғастырып, онымен жаңбыр, күшті екпінді жел және оңтүстікте найзағай күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында циклон орталығының өтуімен кей жерлерде қатты жаңбыр, сондай-ақ күздің негізгі сипаты ретінде тұман болжанады, соған байланысты түнгі және таңғы сағаттарда көріну қашықтығы 200-500 метрге дейін нашарлайды", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Республиканың батыс аймақтарына антициклон ығысып, онымен жаңбыр басылады. Ал ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аймағында климаттық нормадан 3-6 градус төмен сақталады.