"Бүгін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы диссертацияны тексерді. Қазақстанда орындалатын ғылыми еңбектердің плагиатына тексерудің жалғыз бағдарламасы тек аталмыш орталықта бар. Анықтама суретін назарларыңызға ұсынамын. Мен, өзімнің мыңдаған әріптестерім сияқты, ғылым кандидатының, ғылым докторының дәрежелерін алудың барлық кезеңдерінен: жұмысты кафедрада талқылаудан, сарапшылардың және оппоненттердің көпшілік алдында қорғауға дейінгі сатыларынан толығымен өттім", - деп жазды Жақыпова.
Сөзін оған және әріптестеріне қатысты таратылған жалған ақпарат бойынша ар-намыстарын, абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау туралы сотқа арызданғанын xабарлады.