Бұған дейін, Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз жолға шыққан автобусты қағып кеткені хабарланды.
Автобус жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты, үш адам зардап шекті.
Екі және бес жасар қыздар мен аналары Қарасай аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Үлкен қызына ота жасалды. Екінші қыздың бас сүйегіне зақым келген. Екеуі де өкпе желдету құралғысына жалғанып, жасанды комада жатыр. Әйелдің оң иығы, төрт қабырғасы, бұғанасы сынған.
"Үшеуіне де бас саүйек миына компьютерлік томография жасалды. Анасынан ісікті алып тастадық. Қазіргі уақытта оған жансақтау бөлімінде емдеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Ниязбеков.