"Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты Нұр-Сұлтандағы басты көшелердің біріне Жошы хан есімін беруді және осы көшеде Үлкен Ұлыс ханына ескерткіш қоюды ұсынамыз. Менің ойымша, бұл біздің ұлттық рухымызды асқақтатып, мемлекеттігімізді өз азаматтарымызға ғана емес, елорданың әрбір қонағына көрсете алар едік", - деді Смағұл депутаттық сауалында.