"Зорлау әрекеттері кешкі сағат бес шамасында болды. Олар әріптестер, нефрология бөлімінде бір кабинетте жұмыс істеді. Күдікті - нефролог дәрігер. Сол күні ол еңбек демалысынан шыққан. Егер әйел зорланған болса, онда оны қоғамда табалатайтындар көп болады. Ол қарапайым ғана ауылдың қызы. Ата-аналары, туыстары мен көршілері бұл туралы білді. Олар оны азғын деп табалайды. Бізде әйелдердің өздері кінәлі деп ойлайды. Өмірде жолы болмаған ер адамдар осылай санайды. Әйелдің демалуға, қуануға, таңғы 3-4-ке дейін кафеде болуына қақы бар. Бірақ осы үшін зорлау керек деген сөз емес", - дейді ол.
Бас күдікті - үйленген және екі баласы бар. Медбикенің де қызы бар. Қорланған әйел әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына барып, арыз берген. 21 мамырда дәлелдемелер мен қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жабылды. 22 мамыр күні жас әйелді қорғау өкілдері әл-Фараби ауданының прокуратурасына қылмыстық істі заңсыз тоқтату туралы шағым түсірді. Бір айдан кейін іс тергеуге қайтып келді.
"Ол одан кешірім сұрап, хат жазды. Қателікке бой алдырғанын айтады. Басынан бастап оған ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген жоқ. Нәтижесінде, зорлықшы жаз бойы әртүрлі елдерде қыдырып жүр. Фотосуреттерді ашық әлеуметтік желіге шығарады. Яғни, тергеуші оған мүлде ескертпеген көрінеді. 75 күн ішінде оны бетпе-бет кездесуге шақырған жоқ", - деп қорытындылады ер адам.
Шымкент қаласы полиция департаментінің өкілдері күдіктінің ұсталғанын айтады.