Марат Тәжин үкіметтің кезең-кезеңмен жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Көшіру үшін орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және ақпараттық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жаңа әліпбиді үйретуге бағытталған бірқатар бейнероликтер, видео дәрістер телеарналарда көрсетіледі, сонымен қатар интернетте жарияланады", - делінген хабарламада.
"Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" жобасының аясында Қазақстан поэзиясы мен прозасының антологиясы алғаш рет БҰҰ-ның алты тіліне аударылып, жарық көрді. Қыркүйекте халықаралық тұсаукесер басталады.
"Қазақстанның қасиетті географиясы" жобасын жүзеге асыру барысында 28 тарихи орын қалпына келтірілді. Отырар мен Тамғалы сапар орталықтарының құрылысы аяқталуға жақын. BBC World News, Euronews телеарналарымен бірлесе отырып, Қазақстанның қасиетті нысандары туралы бірқатар деректі фильмдер түсірілді.