Қала әкімдігінен мәлім еткендей, Алматы билігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Көкжайлауға» қатысты тапсырмаларын ұстанады.
"Бүгін "Көкжайлауға" қатысты бірқатар жазбалар пайда болды. Алып-қашпа әңгімелер болмауы үшін турасын айтайын, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың курорт құрылысын кейінге қалдыру жөнінде тапсырмасы бар. Әкімдік осы тапсырманы ұстанады. Өзгелері қаралмайды әрі талқыланбайды", - деп келтірілген Е.Бабақұмаровтың сөзі әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында.