Заңгерлерді бұған итермелеген - сертификатты орнату талабын қойған SMS-хабарламалар.
"Бұл істің басын ашу үшін сотқа жүгіндік. Сертификатты орнатпасақ та, Ғаламторды ажырату жағдайын болдыртпаймыз", - деді заңгер Станислав Лопатин.
Оның айтуынша, сот ісі Алматы, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларында өтіп жатыр.
Altel мен Tele2 компанияларының PR директоры Олжас Бибанов заңгерлер бұл арыз арқылы ғана елге танылып отыр деп есептейді. Сертификат жайлы SMS-хабарландыру таратуға мемлекет органдары бастама болғанын айтты.