"Ауруханаға келгенше көз жұмды. 1976 жылы туған ер адам. Оның кеудесіне тиген оқ тесіп шыққан. Екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оның диагнозы - сол жақ кеуде қуысының алдыңғы бөлігінің, сол жақ иық сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің оқ тиген", - деді әкімдік аппаратының өкілдері.
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасында бір инспектордың қайтыс болғанын растады.
"Зардап шеккендердің біріне "кеуде тұсынан оқ тию" диагнозымен дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды, жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болды. Екінші инспектор кеуде тұсынан жарақат алған Державинск аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Келіп түскен сәтте науқастың жағдайы ауыр болды, бірақ тұрақты. Көкшетаудан құрамында хирург, анестезиолог және медбике бар санавиация бригадасы ұшып шықты", - деді басқарма мамандары.
Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2016 жылдың 5 қаңтарында "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК жұмысқа қабылданған. Оның отбасында жұбайы мен төрт баласы - үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды. Қаныш Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрды.