USD 538.12
EUR 627.02
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арыс қаласын қалпына келтіруге 34 миллиард теңге жұмсалады

  • 04.июля.2019, 10:30,
  • 645

Арыс қаласын қалпына келтіруге 34,5 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламент Сенатында айтты.

Биыл 1 шілдеде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін 34,5 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет, оның ішінде Арыс қаласының әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы беру үшін 4,5 миллиард теңге қарастырылған. 

Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы мақсаттарда ҚР Үкіметінің қорынан 2 миллиард теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 миллиард теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 миллиард теңге бөлінген. 


"7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет, оның ішінде 49 үй бүтіндей қирап қалған. Тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін 19,2 миллиард теңге бөлінеді, оның ішінде қаражаттың 50 пайызын өңірлердің бюджеті есебінен қамтамасыз ету көзделген, 50 пайызы - ҚР Үкіметінің қорынан бағытталады", - деді Смайылов.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
03.07.2019
01.07.2019
01.07.2019
28.06.2019
27.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031