Тәуелсіздік жылдарының жетістіктерін азаматтық секторсыз елестету мүмкін емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары небәрі ондаған үкіметтік емес ұйымнан басталған азаматтық сектор бүгінде ауқымды да қарқынды салаға айналды.
«Биыл да форум шеңберінде түрлі тақырыптық секциялар, арнайы кездесулер мен сарапшылардың дәрістері өткізіледі. Оның тиімділігі мен нәтижесіне біз әр форум сайын көз жеткізіп жүрміз.
"Сөз жоқ, бұл тұрғыда мемлекет пен қоғамдық ұйымдар арасындағы әріптестікке артылар сенім зор. Ең бастысы, бізде бұл салада бірлескен жұмыс, ортақ түсінік, жүйелі жол бар", - деді Аида Балаева.
"Қазіргі таңда азаматтық белсенді бастамалар араласпаған қоғамдық сала жоқ. Бүгінде елімізде 6 саяси партия, 23 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым, 18 конфессиядан тұратын 3738 діни бірлестік, мемлекеттік және жекеменшік нысандағы 5 мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралы, 249 қоғамдық кеңес, 58 әртүрлі деңгейдегі кәсіподақ бар", - деді ведомство басшысы форум барысныда.