USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавируспен күрескен 78 мың медицина қызметкері үстемақы алды

  • 24.августа.2020, 17:42,
  • 386

Шілде айының нәтижесіне сәйкес 78 мың медицина қызметкерінің еңбекақысына үстеме беріледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті

«Үстемеақы алатындардың тізімін жедел штаб жанында құрылған өңірлік комиссиялар қалыптастырады. Ал комиссия төрағалары ретінде әкім орынбасарлары қызмет етуде. Сонымен қатар, оның құрамында медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік бас санитар дәрігері, денсаулық сақтау басқармасының және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қамтылған», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.


Оның сөзіне қарағанда, аталған тізім негізінде медицина қызметкерлеріне төлем жасалады.


«Бұл тұрғыда қордың мәліметінше, вирустық инфекция жағдайында жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің саны ай сайын өскен. Егер наурызда осы үстемеақыны 19 адам алса, маусым айында олардың саны 53 мыңға дейін жетті. Ал шілде айының қорытындысы бойынша өзінің жалақысына үстемеақыны 78 мың қызметкер алады», - деді Қожахметов.


#коронавирус #індет #пандемия #дәрігер #үстемақы

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.08.2020
19.07.2020
13.07.2020
08.07.2020
30.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031