USD 522.49
EUR 601.07
RUB 6.47
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған кеншілердің жанұяларына көңіл айтты

  • 07.қараша.2021, 14:50,
  • 167

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды. Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті", - делінген Ақорда хабарламасында.


Бұған дейін Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-қа тиесілі шахтада кеншілердің метан газынан уланғаны белгілі болған еді. Қайтыс болғандардың тізімі де жарияланды. Оған қоса Қарағанды облысында кеншілердің улану фактісі бойынша тергеу басталды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930