USD 528.31
EUR 608.35
RUB 6.55
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев қайтыс болған әскери қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

  • 13.наурыз.2021, 23:31,
  • 366

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты көңіл білдірді.

"Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", деп жазды Президент.


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 13 наурызда сағат 17:25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінен сағат 17:22-де Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан AН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына шұғыл қонғаны туралы ақпарат келіп түскен.


Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болды, екеуі жарақат алып, Алматыдағы No4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930