USD 448.89
EUR 477.93
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағанды облысында 6 шахтер қайтыс болды

  • 07.қараша.2021, 13:45,
  • 109

Абай қаласында "АрселорМитталТеміртау" АҚ-тың шахтасында қайғылы оқиға орын алды. 3-К10 солтүстік вентиляциялық штректің түбінен кенеттен улы метан бөлінді.

Төтенше жағдайдың орын алғаны 2021 жылғы 7 қарашада сағат 08.37-де белгілі болды.


"Алдын ала мәлімет бойынша, шахтада 64 жұмысшы болған. 3-К10 алаңында сегіз жұмысшы бар (ақпарат нақтылануда). Сегіз жұмысшының алтауы қаза тапты, екеуі жарақат алды (жағдайлары нақтыланып жатыр). Жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.


Оқиға орнына Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен техникасы аттанды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.


"Оқиға орнына ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия аттанды", - деді Уәли.


Төтенше жағдайларды жоюға Авариялы-құтқару қызметтерінің "Республикалық орталық штабы" ЖШС (15 қызметкер), ТЖД (үш қызметкер және екі бірлік техника), Апатты медицина орталығы ММ (үш қызметкер және бір техника) күштері мен құралдары тартылуда.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.08.2021
27.08.2021
14.01.2021
29.10.2020
23.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930