USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде бала емізетін аналарға екпе салынады ма?!

  • 26.қазан.2021, 13:12,
  • 173

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бала емізетін әйелдерге вакцина салу жоспары туралы айтты.

"Біз өндірушінің ұсыныстарын қараймыз, ресми ақпаратты сұраймыз, содан кейін ғана бұл мәселе иммундау комиссиясына енгізіледі, белгілі бір шешім қабылданады. Егер өндіруші нұсқаулықта бала емізетін әйелдер үшін қауіпсіз десе, онда біз де бұл мәселені өзара талқылаймыз", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.


Ресейде емізетін әйелдерге " Спутник V " салуға рұқсат етілген. Дегенмен вакцинаны салу бойынша ешқандай клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.


"Біздің сұрау жібердік, енді ресми жауапты күтуіміз керек. Сондай-ақ, бала емізетін әйелдерге егуге болады деген сөз нұсқаулыққа енгізілуі керек. Менің ойымша, бұл бір айға созылуы мүмкін", - деді Алексей Цой.


Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстанда ақылы вакцинацияның қанша тұратынын айтқан болатын. Сондай-ақ, Pfizer компаниясының өкілдерін брифингке шақыруға уәде берген еді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.10.2021
11.10.2021
10.08.2021
23.07.2021
04.02.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031