USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда шетелдік басылымдарды есепке алу ережесі болады

  • 13.қазан.2021, 19:18,
  • 165

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларының жобасын әзірледі

Ереже республиканың ақпараттық кеңістігінің жай-күйін дұрыс және уақтылы талдау үшін Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.


Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу үшін уәкілетті органға таратушының атауы, шетелдік мерзімді баспасөз басылымының атауы, таралу аумағы, таралу тілі, негізгі тақырыптық бағыты, кезеңділігі, таратылатын даналардың болжамды саны көрсетіле отырып өтініш беріледі.


Өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.


Ұсынылған құжаттар қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган есепке қою күнін, құжаттың нөмірін, таратушының атауын есепке алу журналына енгізу арқылы шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қояды.


Өтінішті қарау қорытындысы бойынша таратушыға шетелдік мерзімді баспасөз басылымын есепке алу не одан бас тарту туралы құжат беріледі.

27 қазанға дейін "Ашық НҚА" сайтында құжатты жария талқылауға қатыса аласыз.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.10.2021
26.08.2021
09.08.2021
08.09.2020
13.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031