USD 515.89
EUR 536.32
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ЕАЭО мүше емес елдердің көліктері Қазақстаннан шығарылуы қажет

  • 09.августа.2021, 12:01,
  • 247

ҚР ІІМ-нің "Елдегі жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі" тақырыбында өткен брифингі барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Қазақстанда жүрген шетелдік нөмірлі автокөліктер туралы айтты.

Спикердің сөзінше, кедендік заңнамаға сәйкес, шетелдік азаматтар ЕАЭО-ға мүше емес елдерде тіркелген автокөліктерді Қазақстанға және ЕАЭО елдеріне кедендік баж төлемей уақытша әкеле алады. Бұл құқықты негізінен Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар пайдаланады.


- "2020 жылы және ағымдағы жылы мемлекеттер арасындағы шекаралар жабылғанын ескерсек, шетелдік азаматтар уақытша әкелінген автокөліктерді ЕАЭО аумағынан шығара алмады. Осыған байланысты, ЕАЭО аумағында шетелдік автокөліктердің болу мерзімі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесімен 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметінше, елімізде ЕАЭО-ға кірмейтін елдердің 3 мыңға жуық шетелдік автокөлігі бар, олар Қазақстанда болу мерзімі аяқталғаннан кейін елден шығарылуы тиіс. Осылайша, ЕАЭО-ға мүше емес елден автокөлік әкелген шетелдік азаматтар үшін 30 қыркүйекке дейін мерзім берілген", - деді ол.


Түсіпов хабарлағандай, шетелдік автокөліктерді Қазақстан азаматтарының пайдалануына келсек, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінген көліктер бойынша, оларды пайдалану тәртібі ҚР "Жол қозғалысы туралы" Заңымен реттеледі.


- "Ішкі істер министрлігі азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында кез келген көлік құралын сатып алу бойынша мәмілелерді заңда белгіленген тәртіппен жүргізуді ұсынады. Сақтандыру полисімен көлік сатып алу – белгілі бір тәуекелдер туғызады, егер көлік іздеуде болса, оны пайдалануға тыйым салынған болса, азаматтар көліктен және оны сатып алуға жұмсаған қаражатынан айырылуы мүмкін. Осыған байланысты автокөлікті сатып алу мен тіркеу – заңда белгіленген тәртіппен жүргізілуі тиіс. Біріншіден, бұл күмәнді, "криминалды" немесе пайдалануға болмайтын көлік құралдарын сатып алудан сақтайды. Екіншіден, бұл азаматтардың автокөлікке меншік құқығын қорғайды, сонымен жеке меншікке толық иелік етуге мүмкіндік береді", - деді Серік Түсіпов.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031