USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қостанайда кәсіпорын директоры жол жөндеуден 27 млн теңге жымқырды

  • 21.қазан.2021, 13:00,
  • 195

Көп жағдайда көлік жолдарын жөндеу саласында бюджет қаражатын жымқыру жұмыстың белгіленген көлемін орындамау немесе сапасыз орындау жолымен, сондай-ақ орындалған жұмыстардың актілеріне жалған мәліметтер енгізу жолымен іске асады.

Осындай деректердің бірін Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер "Galara" ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу үшін келісімшарт жасалған.

"Galara" ЖШС Бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынды.

Жалған акт негізінде ЖШС есепшотына 27 миллион астам теңге негізсіз аударылды.

Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


#пара #жымқырды #Қостанай #директор #қылмыс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2021
27.07.2021
21.04.2021
29.05.2020
12.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031