Бұрын хабарланғандай, Агенттік жылу энергиясы мен сумен жабдықтау тарифтерінің негізсіз жоспарлы түрде тұрғындарға 2 есеге, сондай-ақ заңды тұлғалар үшін 3,2 есеге жоғарылату дерегінің жолын кесті.
Сонымен қатар тергеу барысында 2020 жылғы сәуірде "Таразэнергоцентр" АҚ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жылу энергиясының тарифін бекітуге өтінім бергені анықталды.
Акционерлік қоғам тарифтерді көтерудің негіздемесі етіп жалған шарттар бойынша жөндеу жұмыстары туралы мәліметтерді ұсынған. Осылайша, Тараз қаласының тұрғындары үшін жылу тарифі негізсіз көтерілді.
Тамыз айының басында ҚМА Тергеу департаменті ТМРК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментіне 2019-2020 жылдарға арналған "Таразэнергоцентр" АҚ-тың тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасының орындалуын қайта талдауды талап ететін ұсыным жіберді.
ТМРК департаментінің талдау нәтижелері бойынша 2019-2020 жылдарға арналған тарифтік сметаны орындамағаны үшін 600 миллион теңгеге бұзушылық анықталды, бұл халыққа қолданыстағы тарифтен 15%-ға төмен есесін өтеу тарифті енгізуге негіз болды.
Нәтижесінде Тараз қаласының тұрғындары үшін жылу тарифі 84,98 теңгеден 72,23 теңгеге дейін төмендейді.
Уақытша есесін өтеу тарифі 2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 1 қазанға дейін енгізіледі.
Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.