USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Экология министрлігі Талдыкөл жайында пікірін білдірді

  • 25.қазан.2021, 16:06,
  • 165

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөлге қатысты пікір білдірді.

Брекешев министрлік тарапынан арнайы зерттеу жүргізгенін айтты.


"Біз зерттеу жұмысын жүргіздік. Қазіргі уақытта бұл көлді толықтыратын қайнар көздер жоқтың қасы екенін түсініп отырмыз. Егер бұл процесті тоқтатпаса, онда көл өздігінен суалады", - деді министр.


Оның айтуынша, су қоймасының суалуына қала құрылысы әсер етіп жатыр.


"Болашақта бұл көлді қосымша толықтырып отырмаса, тұтастай құрғау қаупі бар. Біз қала әкімдігімен бірнеше рет кездесіп, тікелей Талдыкөлдің қасында көшпелі кеңестер өткіздік. Толықтырып отырмаса, бұл көл жақын арада суалып кету қаупі бар. Бұған бірнеше факторлар, соның ішінде белсенді қала құрылысы да ықпал етеді. Су қоймасының айналасында рекреациялық аймақ ұйымдастырылады. Әкімдік көлдің нақты шекарасын анықтап, түбін тұнба шөгінділерінен тазарту жұмыстарын жүргізеді, жасанды қоректендіру ұйымдастырылады. Сондықтан, жақын арада Талдыкөл мен оның айналасы қалалықтардың демалуы үшін өте жақсы орынға айналады", - деді министр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.10.2021
23.07.2021
11.07.2020
02.07.2020
14.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031