USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Денсаулық сақтау министрі антиваксерлермен кездесуге дайын

  • 23.июля.2021, 18:16,
  • 174

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз министрлігі қызметкерлеріне тап берген антиваксерлермен кездесуге неге бармағанын айтты.

"Бұл арада былай ғой, кімнің бірінші болып қолы босаса, сол азаматтармен кездесуге шығады. Сол кезде сол арада кім болады, сол адам шығады. Іс жүзінде бүкіл министрлік халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мен сол күні ел алдына шыққан мамандардың құзыреттілігі жеткілікті деп санаймын. Олар барлығын айтып, түсіндіре алатын сала мамандары. Кездесуден кейін, негізінен, азаматтар олардың жауаптарына қанағаттанды", - деді Цой ОКҚ-дағы брифингіде.


Ол дүрдараз тараппен жекелей кездесуге дайын екенін де айтты.


"Біз үшін әрбір азамат маңызды, сондықтан біз оларға барынша көңіл бөлуге тырысамыз. Егер кездесуге мүмкіндік болса, біз әрдайым ел алдына шығамыз (...) Өз басым, олармен кездесуге дайынмын", - деп сөзін аяқтады министр.


19 шілдеде екпеге қарсы топ пен Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің кездесуі кезінде үлкен шиеленіс болды. Әйелдер Денсаулық сақтау министрлігіне келіп, вакциналауды тоқтатуды талап етті. Олардың кейбіреулері өздерін ұстай алмай, бөлім өкілдеріне айқайлап, жұдырық ала жүгірді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.07.2021
09.07.2020
04.10.2019
04.10.2019
13.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031