18 қазандағы жағдай бойынша 52 825 адам (46 275+ және 6550-) КВИ-дан ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 9329 пациент стационарларда, 43 496-сы амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ+ және КВИ- мен ауырғандардың ішінде:
ауыр халде – 628 пациент;
аса ауырлық дәрежесінде – 177;
ӨЖЖ аппаратында – 104.
2021 жылдың 18 қазанына коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауыру туралы ақпарат:
16 қазанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 35 жағдайы тіркелді, 7 адам қайтыс болды және 78 адам сауығып шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап, осы уақытқа дейін: ауырғандар саны – 77 995, қайтыс болғандар саны – 4962, сауығып шыққандар саны – 66 483.