16 шілдедегі жағдай бойынша 50 457 адам коронавирустан ем-дом алып жатыр (48 894+ және 1563-), оның 16 186-сы стационарда, 34 271 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ + және КВИ - науқастар арасында:
• ауыр жағдайда - 934 науқас,
• өте ауыр дәрежеде - 225 науқас,
• жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 117 науқас.
2021 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы ақпарат
2021 жылы 14 шілдеде коронавирус инфекциясының белгілері бар 122 пневмония жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды, 75 адам ауруынан сауығып кетті.
1 тамыздан бастап келесі жайттар тіркелді: жағдайлар - 58 335, қайтыс болғандар - 1 060, емделіп, ауруынан жазылып кеткендер - 53 252.
2021 жылдың 16 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 4 776 755 адам вакцинаның бірінші компонентті, 2 661 833 адам екінші компонентті қабылдады.
#КВИ #өлім #статистика #коронавирус #Қазақстан