"Министрлік ҚР Халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп халықты қайта вакциналау тәсілдерін әзірледі", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ-ға қарсы вакцинаның толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады.
"Бұл ретте векторлық вакцина алған адамдар - тоғыз айдан кейін инактивацияланған түрімен қайта вакциналанады, ал инактивацияланған вакцина алған адамдар - алты айдан кейін векторлық түрімен қайта вакциналанады; м-РНК вакцинасын алған адамдар-алты айдан кейін инактивацияланған немесе векторлық түрімен қайта вакциналанады. Алғашқы және қайта вакциналау кезіндегі түрлері бірдей болуы мүмкін", - деп түсіндірді министр.
Ол бір вакцина түрімен қайта вакциналануға болатынын, бірақ шамалы айырмашылық бар екенін айтты.
"Бұл "Спутник V" компоненті болмайды, өйткені олар әртүрлі вакцина. Біздің ережелерде бұл 1 және 2 дозада ұқсас вакцина болады деп қарастырылған. Бізде өндіріске "Спутник Лайт" енеді. Менің ойымша, бұл да жақын арада шығарылады. Оның бірінші компоненті "Спутник V" болды"", - деп атап өтті Цой.