USD 448.81
EUR 476.82
RUB 4.77
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда ревакцинация қашан басталады?!

  • 27.қыркүйек.2021, 18:07,
  • 121

Көктемде коронавирус инфекциясына қарсы егілген қазақстандықтардың вакцинасының күші жақында жойылады.

Бұрын хабарланғандай, COVID-19 вакцинасы алты ай бойына жарамды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайта вакциналау науқаны қашан басталатынын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметте өткен брифингте жауап берді.


"Ревакцинация мәселесі қазір әлемнің барлық елдерінің алдында тұр. Қазақстанда ғалымдардан, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы құрылды. Біз жетекші халықаралық агенттіктер мен ДДҰ-дан ақпарат сұраттық. Жиналған барлық тәжірибе сараланады", - деді Цой.


Ол қазіргі уақытта нақты критерийлер жоқ екенін айтты, өйткені COVID-19-ды қайта вакциналау "қазіргі әлем үшін мүлдем жаңа нәрсе".


"Біз барлық деректерді біріктіргеннен кейін жақын арада халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның қорытындысынан соң сарапшылар тобы қорытынды шығарады, біз бұл мәліметтен міндетті түрде жұртшылықты хабардар етеміз", - деді министр.


Бұл ретте министр медициналық мекемелер ревакцинацияға, барлық вакциналау пункттері толық дайын екенін, дәрігерлер даяр екенін атап өтті.


"Шешім шыққаннан кейін бүкіл ел толыққанды режимде жұмыс істейді", - деп сөзін қорытындылады Цой.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.08.2021
10.08.2021
10.08.2021
18.05.2021
18.05.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930