USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Екібастұздағы 3 электр стансиясында ақау болды

  • 15.қазан.2021, 13:48,
  • 93

Екібастұзда үш электр станциясында ірі энергоблоктардың апатты ажыратылуы орын алды, сондай-ақ қазандық апатты түрде тоқтатылды.

"14 қазанда бірнеше сағатқа Екібастұз ГРЭС-1 және Екібастұз ГРЭС-2-де қуаты 500 МВт ірі энергия блоктары апатты жағдайда өшірілді. Сондай-ақ, "ЕЭК" АҚ электр станциясында генерация 150 МВт-қа төмендетіліп, қазандық апатты жағдайда тоқтатылды. Осылайша, жоғарыда аталған үш электр станцияларында генерацияны авариялық төмендетудің жиынтық көлемі 1000 МВт-тан асты", - дейді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.


Компания атап өткендей, қуат тапшылығы жағдайында электр станцияларындағы осы апаттық ажыратулар Ресей энергожүйесімен шекарадағы қуаттың қолайсыз ауытқуларына, жүйелік апат қаупі бар мемлекетаралық электр беру желілерінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі.


"Аварияны болдырмау және энергия жүйесіндегі генерацияны төмендету салдарын азайту үшін "KEGOC" АҚ ҚР Энергетика министрлігінің келісімі бойынша өңірлік электр желілік компаниялармен бірлесіп, жоспардан тыс тұтынуды жүзеге асыратын тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын шектеді. Шектеулер жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелер бойынша енгізілді", - делінеді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратында.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2021
13.08.2020
07.04.2020
29.10.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930