USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Астананың 300-ден аса сыныбы карантинде

  • 12.қазан.2021, 15:25,
  • 97

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қазір 88 елордалық мектептің 300-ден астам сыныбы коронавирусқа байланысты карантинде жатқанын ОКҚ брифингінде айтты.

Сархат Бейсенова қыркүйек айында тамыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда ауру 3,5 есе төмендегеніне қарамастан, қалада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып отырғанын хабарлады.


"Қала әлі де қызыл аймақта. Қалада тәулігіне КВИ жұқтырудың 200-280 жаңа жағдайы тіркелуде. Қыркүйек айында жұқтырған балалардың үлес салмағы 16 %-дан 24,3% - ға дейін, жасөспірімдердің үлес салмағы 2,5%-дан 5,4%-ға дейін өсті. Науқас балалардың үлесі 2,3-тен 20%-ға дейін өсті. Оқу жылының басынан бастап 2232 оқушы коронавируспен ауырды. Бұл барлық сырқаттанғандардың 19,6%-ы және оқушылардың жалпы санының 1%-ы", - деді спикер.


Оның мәліметінше, эпидпроцесске қаланың 125 мектебінде 1237 сынып қатысты.


"Бүгінгі таңда 1526 оқушы сауығып, мектепке оралды. Қазіргі уақытта 88 мектептің 303 сыныбы карантиндік шараларды жалғастыруда. КВИ жағдайларының ең көп саны 3-8 сынып оқушылары арасында байқалады. Бұл 963 жағдай немесе оқушылар арасындағы жалпы сырқаттанушылықтың 43%-ы", - деп түйіндеді Бейсенова.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2021
04.08.2021
28.06.2021
27.01.2021
27.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930