USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақбұлақ: Бесінші адам кім мерт болғаны белгілі болды

  • 21.қыркүйек.2021, 15:49,
  • 162

Алматы полициясы Алматыдағы атыс кезінде оққа ұшқан бесінші адамның кім екенін айтты.

"Бес адам қаза тапты, оның ішінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және жаңа үй иесі мен оның өкілі", - деді арнайы брифингте Алматы қаласы ПД басшысы Қанат Таймерденов.


Айта кетсек, алдында қаза тапқан бесеудің екеуі жеке тұлға екендігі айтылған.


Сонымен қатар, Таймерденов оқыс оқиғаның жаңа деректерін ашты. Оның айтуынша, "Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, одан жауап алынып жатыр. Істі егжей-тегжейін тексеру кезінде айыпталушының атына 2008 жылдан бері қару тіркелгені, оның психиатриялық диспансердің есебінде тұрмағаны анықталды.


20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында 54 жастағы ер адам айналасындағыларға оқ жаудырды. Бес адам қаза тапты. Кісі өлтіргені үшін қаскөй 20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2021
21.09.2021
30.08.2021
16.04.2021
10.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031