USD 443.44
EUR 480.51
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақбұлақ: Сот орындаушылар палатасының пікірі

  • 21.қыркүйек.2021, 12:38,
  • 92

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы Алматыдағы Ақбұлақ ықшам ауданында үйінен шығаруға келген полиция қызметкерлері мен сот орындаушыларына ер адамның оқ жаудыру оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

"Адамдарды үйінен шығару туралы өндірістегі атқарушылық іс екі жеке тұлға арасындағы дау екенін атап өткіміз келеді. Электронды бәс саудада баспананы сатып алған әрі меншік құқығы тіркеткен адам бұрынғы үй иелерін үйден шығару үшін сотқа жүгінді. 2020 жылдың 10 маусымында сот бұл талапты қанағаттандырды. Өткен жылдан бері борышкер сот шешімін орындау қажеттілігі туралы бірнеше рет хабардар етілді. Соттың бұрынғы қожайынын үйден шығару туралы шешімін орындау кезінде қайғылы оқиға орын алды, бес адам қаза тапты", - делінген хабарламада.


Осыған байланысты Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы қызмет бабында қаза тапқандардың отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.


"Қаза тапқандардың артында отбасы мен кәмелетке толмаған балалары қалды. Жеке сот орындаушыларының кәсіби қауымдастығы қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау мен қажетті көмек көрсетеді. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары тексеріп жатыр", - деп атап өтті палатадағылар.


20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында 1967 жылғы ер адам сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды. Бес адам қаза тапты. Аталған фактіге сәйкес, "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Бұл бап бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Күдікті арнайы жасақтың көмегімен ұсталды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2021
27.08.2021
13.03.2021
15.02.2021
27.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031