USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Иманбек "Жыл жаңалығы" атағын жеңіп алды

  • 17.қыркүйек.2021, 16:15,
  • 176

DJ Иманбек деп танылған қазақстандық Иманбек Зейкенов GQ Russia журналының жыл сайын өткізілетін "Жыл жаңалығы" номинациясын жеңіп алды.

Журналдың ресми сайтында "Men of the Year 2021" лауреаттарының тізімі жарияланды.


"Grammy сыйлығы, миллиардтаған тыңдарман мен әлемдік музыкалық компаниялар және лейблдармен келісімшарт. SAINt JHN-нің әлемдік хитке айналған Roses трегін жазған қазақстандық жас диджей, продюсер Иманбек Зейкенов әлі бұдан да биік шыңдарды бағындырады, деген сенімдеміз", - деп жазды GQ.


2021 жылдың наурызында қазақстандық Иманбек Roses әнінің ремиксі үшін Grammy музыкалық сыйлығын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі биылғы жылдың 31 қаңтарында өтуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты 15 наурызға ауыстырылды. Grammy-дің 63-ші онлайн марапаттау салтанатында Иманбек Зейкенов "Үздік ремикс" саласында жеңімпаз атанды.


20 жастағы Иманбек Павлодар облысы, Ақсу қаласында туған. Өзінің айтуынша, он жеті жасынан бастап ән әрлеуді жергілікті диджейлер мен продюсерлерден және Youtube желісіндегі видеосабақтардан үйренген.


Өткен жылдың желтоқсанына дейін ол жергілікті теміржол стансасында жұмыс істеді.


2019 жылдың жазында музыкант америкалық орындаушы SAINt JHN шығарған "Roses" трегін жаңартып, оны әлеуметтік желілерге жүктеген. Бірнеше айдан соң әуен әлемдік хитке айналды. Ремикс миллиондаған қаралым жинап, Billboard-та жылдың ең үздік би әуендері тізімінде алғашқы шепте тұр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.07.2021
19.03.2021
15.03.2021
06.09.2020
29.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031