USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Иманбек әкімнен алған сыйлығын қайырымдылыққа берді

  • 19.наурыз.2021, 16:44,
  • 299

"Грэмми" премиясының лауреаты Иманбек Зейкенов Ақсуға оралып, жастармен кездесті. Кездесу барысында ол өзі туралы айтып, Мәскеуге барғанда алған әсері және жоспарлары туралы айтты. 

Диджейді облыс әкімі, мәдениет министрі құттықтап, оны Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдоллаұлы қарсы алды. 

Облыс әкімінің атынан диджейге заманауи техника алуына және "премия алғаны үшін көрімдік" ретінде 2 миллион теңге берілген. Ал Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетов шапан жапты.  


"Менде заманға сай техника бар, сондықтан ол ақшаны қайырымдылыққа бергім келеді. Мен ешқайда көшпеймін. Күнде қалаға барып тұрамын. Болашақта музыка саласындамын. Теміржолдан бір жыл бұрын кеткенмін. Әрі қарай музыкамен айналысамын. Жастар бәрі жемқорлық көп, көтерілу мүмкін емес деп ойлайды. Олай емес. Менің келесі релизім Шон Полмен болады", - дейді Иманбек.


#Иманбек #Диджей #Грэмми #музыка #теміржол #әкім #Ақсу #Павлодар 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.03.2021
13.02.2021
06.12.2019
27.11.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031