USD 517.66
EUR 606.49
RUB 6.44
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ЮНЕСКО-ның әлемдік желісі "Көлсай көлдерімен" толықты

  • 17.қыркүйек.2021, 10:28,
  • 186

ЮНЕСКО қазақстандық "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты.

Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының "Адам және биосфера" халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды.


Қазақстандық "Көлсай көлдері" өтінімінің елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиологиялық шектеулер жағдайында дайындалғандығы ерекше назар аударуға тұрарлық. "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының биосфералық резерваттарының Ұлттық желісі тағы бір биосфералық резерватпен толықтырылды.


Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.09.2021
03.08.2021
15.06.2021
02.09.2020
15.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031