Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады.
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Еліміз COVID-19 таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта орналасқан. Вирустың репродуктивтік индексі 0,9, инфекциялық төсек-орын жүктемесі 23%-ды, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 21%-ды құрайды.
"Қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы, "сары аймақта" Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 13 өңір – "жасыл аймақта".
Бүгінгі таңда 2,5 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,4 млн-нан астам адам екінші компонентті алды.
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауға және халықты вакциналауға ерекше назар аударуды тапсырды.
"Маска тағу режимі, әсіресе, ғимарат ішінде сақталады. Мониторингтік топтар жұмысты жандандырсын. Аймақтағы көршілерімізде аурудың өсуі байқалады, сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Ең алдымен, вакцинамен қамтуды кеңейту керек. Вакциналаудың күнделікті көлемін арттырған жөн", – деді А. Мамин.
Премьер-Министр "Ashyq" қосымшасын одан әрі енгізуді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және халықты вакциналауға ынталандырудың пәрменді тетіктерін әзірлеуді тапсырды.