USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

53 қандас Иран елінен Маңғыстау облысына көшіп келді

  • 15.қыркүйек.2021, 18:39,
  • 132

15 қыркүйекте 53 қандасымыз мінген Иран Ислам Республикасының ұшағы Ақтау әуежайына келіп қонды.

– "Иран Ислам Республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Жатақханаға орналастырамыз. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады", – деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.


Өңірге келген 53 адамның 25-і бала, барлығы 20 отбасы атамекенге оралды. Тарихи Отанына келгендердің бірі Хадиша Адай. Атамекенді аңсап, егемен еліне келген ол қуанышын жеткізіп, жылы лебізімен бөлісті.


– "Мен Түркіменстанда тудым. Дегенмен жұмыс бабы бойынша Божнурд қаласында 22 жыл тұрдым. Туған әпкем, қызым, туыстарыммен бірге атамекенге келіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Барлығы да жат адамдар емес ағайындар. Ыстық ықыласпен қабылдағандарыңызға өте ризамыз", – деді Хадиша Адай.


Бұл көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ирандағы Елшілігі мен "Отандастар Қоры" КЕАҚ Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.09.2021
14.09.2021
14.07.2021
04.06.2021
14.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031