USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

«Tamasha TV» телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтатты

  • 27.июля.2020, 09:00,
  • 297

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Tamasha TV» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады.

Әлемдік пандемия бұқаралық ақпарат құралдары саласына кері әсерін тигізуде. Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендеді. Келесі жылғы болжам да көңіл көншітерлік емес. Осы күнге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Tamasha TV» телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген.

«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Телеарна контентін You Tube желісіндегі «Qazaqstan TV» каналынан көруге болады. Нарықтағы қиындыққа қарамастан «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының медиаактивтері ұлттық құндылықтарды насихаттап, этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы жұмысын одан әрі күшейте түседі.

Бұл ретте биылғы жылдың 30 маусымынан бастап ашылған «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасына артылар жүк ауыр. Арна «Otau TV» ұлттық спутниктік операторы, «Alma TV», «ID TV» кабельдік желілері арқылы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады.


#тамашатв #хабартарату 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.07.2020
25.07.2020
18.05.2020
13.11.2019
02.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930