USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Каспий жағалауынан тарихи жәдігер табылды

  • 13.қыркүйек.2021, 10:11,
  • 202

Танымал археолог Андрей Астафьев осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын Каспий теңізінде жүрген кеменің бекіткіш бұрандалары мен шегелерін тауып алды.

"Тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты "Түлкілі сай" жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан", - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Археологтың зерделеуінше, кеме ХVIII ғасырдың аяғында Каспий теңізінде жүзіп жүрген жерінен апатқа ұшыраған. Су құралының ағаш шантағын су шайып кеткенімен, темір бұйымдар теңіз түбінде шөгіп қала берген. Жылдар өте, теңіз деңгейінің өзгеруімен құрлыққа шығып, археолог қазып алғанша бой көрсетпеген.



"Андрей Астафьев бұл олжасын Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына өткізді", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.


Археологтың музейте табыстаған сыйлығы бір бұл емес. Қарақабақ қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде үңгірге тап болып, оның ішінен кендір арқан мен арқанға байланған ілмектер тапқан. Кемеге қатысты заттар екені көрініп тұр. Кемі бір ғасыр бұрын әзірленсе де, құрғақ жерде жатқандықтан жақсы сақталған.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.09.2021
27.12.2020
20.09.2020
05.08.2020
20.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031