USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтауда өлген аққу табылды

  • 27.желтоқсан.2020, 15:35,
  • 326

Ақтау 1А ықшамауданындағы Жартас соқпағының басында теңіз жағасында өлген құс табылды, - деп хабарлайды Lada.kz. Аққуды бәзбіреулер қылқындырып өлтіргенге ұқсайды. 

Басылым мәліметінше, экологтар "Қолдау-Экология" мамандандырылған орталығына хабарласуға кеңес берген, бірақ байланыс телефоны ақпарат жарияланған кезде сөндірулі болған. Lada.kz порталы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының түсініктемесін күтіп отыр.

"ЭкоМаңғыстау" үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Ақтауда жабайы жануарларға көмек көрсету орталығы жоқ, бірақ қалалық әкімдік екі жыл бұрын үйсіз және жабайы жануарларға көмектесетін экологиялық орталықтың жобасын жүзеге асыруға екі гектар жер бөлуге уәде берген болатын. 2021 жылы болар деп үміттенейік. Әзірге арнайы орталық жоқ, бірақ мейірімді адамдар бар - бұл "Нэнси" ветеринарлық клиникасының жетекшісі Анна Простетова.Ол ешқашан бас тартпайды және әрқашан мүмкіндігінше көмекке келеді. Оның арқасында құтқарылған ондаған жануар өз мекеніне оралды.

Тағы бір жақсы жаңалық: Анна Анатольевна емдеген соң, аққу үйіріне аман-есен оралды. Енді қуанып жатыр едік, бүгін тағы бір аққу табылды. Мен адамдарға, балаларға, жасөспірімдерге не болғанын түсінбеймін. Бұл өте сұмдық жағдай", - дейді Кирилл Осин.



#аққу #құс #махаббатсимволы #ақтау #қылмыс #өлтіру 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.12.2020
25.11.2020
25.09.2020
23.09.2020
11.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031