USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанда көпір қирады

  • 20.қыркүйек.2020, 12:57,
  • 423

Нұр-Сұлтандағы Алаш шоссесінде демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көпір опырылды.

"Бүгін таңғы сағат 04.50-де Алаш тасжолы бойындағы көпірдің опырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. Келген бойда "КазахДорСтрой" ЖШС бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде темір жолдарға темір-бетон балканың құлағаны анықталды", - деді ведомстводағылар.

Жолдарды тазалау жұмыстары жалғасып, көпір демонтажы жүргізіліп жатыр, пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ. Көпірдегі машиналардың қозғалысы тек сол жақта ғана жабылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметі наурыз айында мамандар жол өткеліне визуалды тексеру жүргізгенін, анықталған ақаулары бар нысанды авариялық деп танығанын атап өтті. Аталған көпір бойынша қозғалыс шектелді дейді ведомстводағылар.



#көпір #елорда #нұр-сұлтан #тж #оқиға

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031