USD 524.14
EUR 607.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тараздағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір әскери қайтыс болды

  • 07.қыркүйек.2021, 16:54,
  • 279

Жамбыл облысында болған жарылыстардан зардап шеккен тағы бір әскери қызметкер қайтыс болды. 

7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды, делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.


Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.

Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің маңынан өрт шықты. Қорғаныс министрлігі онға жуық жарылыс болғанын хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, 16 адам қайтыс болды.



#Тараз #жарылыс #Қорғанысминистрлігі #қойма #өрт #әскери #өлім 

скачать dle 12.0
Фото авторы : ҚР Қорғаныс министрлігі
Тағы да оқыңыздар:
27.08.2021
27.08.2021
27.08.2021
27.08.2021
28.08.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930