USD 541.01
EUR 640.34
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы Жалпыұлттық аза тұту күнің жариялады

  • 28.августа.2021, 16:12,
  • 237

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасы жарылысынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.


26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қорғаныс министрлігі онға жуық дүмпу болғанын хабарлады.


Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.


Бүгінгі күні Жамбыл облысында болған жарылыстан 13 адам қаза тапқаны белгілі.


Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Ол шұғыл жиын өткізіп, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды. Сондай-ақ Президент жергілікті билікке ауыл тұрғындарын үйлеріне қайтаруға бағытталған шараларды қабылдауды, сондай-ақ болған оқиғаға қатысты объективті тергеу жүргізуді тапсырды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930