USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жамбыл облысындағы жарылыстан 5 адам дүниеден озды, біршама хабарсыз кетті

  • 27.августа.2021, 14:49,
  • 186

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қойма жарылысынан қаза болғандар көбейе бастады. Бұған дейінгі 4 адамның жарылыстан қаза болғаны хабарланған еді.

Жамбыл облысында жүрген Азаттық тілшісі Манас Қайыртайұлы:


- "Жарылыс салдарынан өрт сөндіруші Елдос Сандыбаевтың қаза болғаны анықталды. Оның досы қазір осы жерде жүр. Ата-анасы үйіне жылап кетті", деп хабарлады.


Осы уақытта Қазақстан Қорғаныс министрлігі жарылыстан қаза болған басқа адамның аты-жөнін атап, мәлімдеме таратты.


- "Өрт сөндіру командасының бастығы, келісім-шарт қызметінің старшинасы 1992 жылы туған Еркін Нәдірбеков өрт сөндіру кезіндегі жарылыс кезінде көз жұмды. Ол 27 тамыз күні таңертең хабарсыз кеткен әскери қызметшілер тізімінде болатын", - дейді Қорғаныс министрлігі.


Қорғаныс ведомствосының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеген.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қоймадағы жарылыстан 4 адам қаза болғанын айтып еді:


- "Оңтүстік округтің әскери прокуроры полковник Қапезов, сержант Марат Мешінбай, ефрейтор Руслан Жанболатов және әскери күзет қызметкері Оразбек Дәлібаев мерт болды. Туыстарына әріптестерімнің атынан көңіл айтамын", - деген министр бірнеше адамның із-түзсіз кеткенін мәлімдеген.


26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қоймада өрт шығып, оқ-дәрі жарылған. Бірнеше күшті дүмпу болып, жақын маңдағы елдімекендер эвакуацияланған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.09.2021
07.09.2021
27.08.2021
27.08.2021
27.08.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930