USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы Сұлтан Оразалин жанұясына көңіл айтты

  • 23.августа.2021, 12:39,
  • 274

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ телевизиясының құрметті ардагері, Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі Сұлтан Оразалиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.


Сұлтан Шәріпұлы отандық телеарнада жемісті жұмыс істеп, ұлттық құндылықтардың қайта жаңғырып, көгілдір экранда насихатталуына мол үлес қосты. Саяси-әкімшілік қызметті де абыройлы атқарды. Авторлық құқық, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлттық саясат, терминология мен ономастика мәселелерін көтеріп, көкейкесті ойлары мен ұтымды бастамаларын қоғам назарына ұсынды. Қарымды қаламгер ретінде шығармашылық жолда да табысты еңбек етті.


Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына әдеби мол мұра қалдырған Сұлтан Шәріпұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031