USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

  • 17.ақпан.2021, 10:12,
  • 483

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. 

Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты. «Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген хабарламада. Айта кетейік, Нұртілеу Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі. Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.



#НұртілеуИманғалиұлы #өлім #қаза #журналист 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.07.2020
12.07.2020
18.05.2020
26.11.2019
25.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031