USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбеде бірдей 6 мектепте жарылғыш зат бар деп хабарлама түсті

  • 01.қыркүйек.2021, 14:55,
  • 274

Ақтөбеде алты мектепке "бомба" қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйекте сағат 08.30 шамасында Ақтөбедегі No2 орта мектептің электронды поштасына алты мектепке (No1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептерге) бомба қойылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.


Оқиға орнына дереу барлық жедел қызметтер мен саперлер тобы аттанды.


Сондай-ақ, оқушыларды, мұғалімдер мен мектептердің техникалық қызметкерлерін эвакуациялау ұйымдастырылды.


"Қазір жасырын хабарламалар авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, "Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабар беру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп нақтылады полициядағылар.


Айта кету керек, бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031