USD 538.63
EUR 622.23
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында жылыту маусымы биыл ерте басталды

  • 02.қазан.2020, 11:52,
  • 533

Облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, Талдықорған қаласының жылу жүйелері мен желілері жылыту маусымына 100 % дайын. 

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға беріледі. Балабақшалар, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелеріне жылу 30 қыркүйектен бастап беріле бастады. Бүгін осы аталған жұмыстар толығымен аяқталуы тиіс. Ал, тұрғын үйлерге жылу ертеңнен бастап беріле бастайды.

Жалпы Талдықорғанда орталық жылыту жүйесіне қосылған 82 бюджеттік мекеме мен 753 көпқабатты тұрғын үй бар. Облыс бойынша биылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына бюджеттен 15,9 млрд. тг. қарастырылған.

Естеріңізге салар болсақ, Алматы облысында жылыту маусымы жыл сайын 15 қазаннан басталатын.



#жылыту #алматы #талдықорған 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031