"Вакциналаудың тиімділігін бағалау кезінде науқастардың 99,9% екпе алмағандар екені анықталды. Сонымен қатар, вакцина алғаннан кейінгі ауру жұқтыру жағдайларының үлесі 0,1% құрады. Вакцина алмаған адамдар арасындағы өлім-жітімнің шекті көлемі 97,7%, ал вакцина алғандарда 2,3% құрайды. Онда да вакцина алса да көз жұмғандарда қосалқы өзге ауыр әрі қатерлі дерттері болды. Бұл КВИ зардаптарының алдын алуда вакциналаудың тиімділігін тағы бір рет дәлелдейді", - деді Цой.
Бүгінгі күні, оның айтуынша, вакцинаның бірінші компонентін 5,9 миллион адам (екпе алуға жататындардың - 59%), екінші компонентін 4,5 млн адам (45,2%) алып үлгерді.
"Бірінші дозамен вакциналаудың ең төменгі пайызы Маңғыстау облысында байқалады - 33,1%. Өңірлер жеткілікті вакцинамен қамтамасыз етілген, жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде. Эпидемиологиялық жағдайды, "дельта штаммының" таралуы мен вакциналаудың кең ауқымда қамтылуын ескере отырып, болжам бойынша, біз оптимистік сценарий бойынша алға жылжып келеміз", - деді министр.