USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Екпе салу жүкті әйелдерге теріс әсер әкелмейді

  • 05.августа.2021, 11:15,
  • 163

Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ. Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман осылай дейді. 

Алмаз ШАРМАН, АМЕРИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:


"Бүгінгі таңда әлемде 4 млрд түрлі доза вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі ауру тудырмайды.


Мамандар вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауру ағымының ауыр болуынан сақтайды дейді. Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер" - екпе алмағандар.


Сәуле АТЫҒАЕВА, ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР:


Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз 5-қабатты үйдің тұрғындары деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай болса, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Ол біреудің ата-анасы, біреудің баласы.


Сондықтан мамандар халықтың 80 пайызы вакциналанбайынша карантинді жеңілдетпеу керек деп санайды. Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге тура келетінін айтады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.08.2021
26.04.2021
16.12.2020
10.10.2020
28.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031