USD 539.55
EUR 627.55
RUB 6.7
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Той мен асқа барғандарға да айыппұл салынады

  • 04.августа.2021, 11:27,
  • 165

Маңғыстау облысында енді той, садақаға барғандарға да айыппұл салынады: 80 мың теңге. Жергілікті билік осылайша ауруды ауыздықтаймыз деп отыр. Әйтпесе айтқанды тыңдамай түрлі мерекелік шаралардың тыйылатын түрі жоқ.

Осыған дейін тек той, садақа жасағандар мен мейрамхана иесіне ғана айыппұл салынатын. Енді аталмыш шараларға қатысқан қонақтар да айыппұл арқалайды. Өткен демалыс күндері өңірдегі 256 нысанға рейд жүргізілген. Нәтижесінде 57 заң бұзушылық анықталып хаттама толтырылды. Мұнайлы аймақта коронавирус жұқтырғандардың саны сағат сайын өсіп барады. Соңғы тәулікте 181 адамнан КВИ анықталып, 14 адам көз жұмды. Ал жансақтау бөлімінде 107 адам жатыр. Мамандар эпидемиологиялық ахуалды жақсартудың бір жолы – көпшілік жиналатын шараларды шектеу керек дейді. Тексерісті күшейтіп, адамдарды енді той, жиыннан ұстап алсақ аямаймыз деп отыр.


Гүлмира Қалмұратова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:


- Тойда жүрген азаматты 80 мың теңгеге штрафқа тартамыз. Себебі, той иесінің жауапкершілігі бір бөлек. Екінші мәселе – тойға қатысып жүрген адамдардың жауапкершілігі.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930