USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БҚО-да карантин талабын бұзғандар анықталды

  • 13.қараша.2020, 15:07,
  • 342

БҚО-да карантин талабын бұзғандарға 21 млн теңге айыппұл салынды.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, 12 күн ішінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 63 әкімшілік хаттама толтырылды. Соның ішінде 35-і отбасылық той-думан, садақа жасағандарға, 24-і жеке қорғаныш құралдарын қолданбаған тұрғындарға қатысты болды. Осы бұзушылықтар бойынша 21 млн астам теңге айыппұл салынды. Н.Мұстаевтың сөзіне қарағанда, облыста коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Апта сайын індеттің орта есеппен 59 пайызға өсуі байқалады. 1-12 қараша аралығында барлығы 358 адам коронавирус жұқтырса, соның 252-сі немесе 70,3 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бәйтерек ауданында – 41, Бөрліде – 25, Теректі мен Шыңғырлауда – 10-нан, Жаңақалада – 5, Жәнібекте – 4, Қаратөбе, Сырым, Қазталовта – 3-тен, Бөкей ордасы мен Ақжайықта бір-бірден адамның індетпен ауырғаны тіркелді. Қараша айында мемлекеттік шекарадан 8559 адам өтсе, соның 1688-і – жолаушылар. Анықтамасыз өткен 159 жолаушының төртеуінен коронавирус табылды. Сол секілді халықаралық жүк тасымалдайтын 2962 жүргізуші өтсе, соның 1577-сінде анықтама жоқ болып шықты. Соның ішінде 14 жүргізушінің індет жұқтырғаны белгілі болды. «Осы айда облыс бойынша 15747 адам (індет басталғаннан бері – 179464) зертханалық тексеруден өтті. Күні бүгін өңір ПТР диагностикасы үшін 32646 зерттеуге арналған 652 тест жүйесімен қамтамасыз етілген», деді Нұрлыбек Мұстаев.


#карантин #ереже #бұзушылық #коронавирус #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.10.2020
11.10.2020
06.08.2020
21.07.2020
16.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930